NTV: Түркияда тыйым салынған FETO ұйымының 400-ге жуық жақтасы ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM – Түркия полициясы жергілікті билік 2016 жылғы 15 шілдеде республикада төңкеріс жасамақ болды деп айыптап отырған FETO ұйымымен байланысы бар деген күдікпен 371 адамды ұстады. Бұл туралы NTV телеарнасы хабарлады.

Түркияда тыйым салынған FETO ұйымының 400-ге жуық жақтасы ұсталды
Фото: report.az

Телеарна келтірген мәліметтерге қарағанда, операция бір мезгілде елдің 60 провинциясында жүргізілген. Құқық қорғау қызметінің жұмысын Измир қаласының прокуратурасы үйлестірген.

NTV сонымен қатар Түркияның Ұлттық барлау ұйымы мен Ыстанбұлдың қауіпсіздік басқармасы елдің 9 провинциясында ұйымдастырған операция барысында FETO ұйымының бақылауындағы қаржы құрылымдарына қатысы бар деген күдікпен 26 адамды ұстағанын хабарлады.

Тыйым салынған ұйымның бақылауындағы сауда желісі дүкендерінде басқарушы ретінде жұмыс істейтін адам сырттан келген, деп хабарлайды телеарна.

Осылайша 2016 жылдың 15-16 шілдесі аралығында әскерилер мен қатардағы азаматтардан құралған топ төңкеріс жасамақ болғанда 250-ден астам адам мерт болып, 2,2 мың адам жарақат алды.

Түркия билігі FETO ұйымының жақтастарын соңғы адамына дейін құрықтамайынша тоқтамайтынын бірнеше мәрте мәлімдеген болатын.

Осыған дейін Түркияда терроризмге күдікті 33 адам қамауға алынғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар