Numbeo нұсқасы бойынша БАӘ мен Андорра әлемдегі ең қауіпсіз ел атанды
АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылға арналған әлемдегі ең қауіпсіз елдер рейтингінде Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) мен Андорра көш бастап тұр. Бұл туралы АЗӘРТАДЖ шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлады.

Келтірілген мәліметтерге сәйкес, биылғы рейтингте жетекші орын алған елдер құқық қорғау жүйесінің мықтылығымен, саяси тұрақтылықпен және қылмыс деңгейінің төмендігімен ерекшеленеді. Бұл факторлар оларды халықаралық инвесторлар, шетелде жұмыс істейтіндер (экспаттар) және туристер үшін ыңғайлы.
Ең қауіпсіз 5 ел (қауіпсіздік индексі балмен):
-
БАӘ – 85,2
-
Андорра – 84,8
-
Катар – 84,6
-
Тайвань – 83
-
Оман – 81,8
Ең қауіпті 5 ел:
Бұл елдерде саяси тұрақсыздық, құқық қорғау жүйесінің әлсіздігі және қылмыстың жоғары деңгейі байқалады:
-
Папуа – Жаңа Гвинея – 19,3
-
Венесуэла – 19,5
-
Гаити – 19
-
Ауғанстан – 24,8
-
Оңтүстік Африка – 25,4
Аталған елдердің тұрғындары мен туристері ұрлық, шабуыл және қарулы зорлық-зомбылықтың жоғары қаупіне жиі шағымданады.
АҚШ пен Ұлыбритания:
-
АҚШ – 50,8 балл, 91-орын
-
Ұлыбритания – 51,76 балл, 86-орын
Осы екі елде дамыған құқықтық жүйе мен қоғамдық қауіпсіздікке арналған үлкен бюджеттік шығындар болғанымен, соңғы бір жылда қылмыстың артуы, әсіресе ірі қалаларда, халықтың полицияға деген сенімінің төмендеуі және АҚШ-та атыс қаруына қатысты шабуылдардан қорқу себепті қауіпсіздік индексі төмендеген.
Numbeo қауіпсіздік индексі — бұл пайдаланушылар өз елдеріндегі қауіпсіздік деңгейін қаншалықты жайлы сезінетінін бағалайтын көрсеткіш. Индекс түрлі факторларға, соның ішінде қылмыс деңгейі мен жалпы қауіпсіздік қабылдауына негізделеді. Биылғы рейтингке 146 мемлекет енген.
Айта кетейік, Біріккен Араб Әмірліктері 2030 жылға дейін 100 миллион мангр ағашын отырғызу бойынша ауқымды экологиялық бастаманы қолға алды.