«Нұр-Мүбарак» университетінде ғылыми симпозиум өтуде

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінде «Ислам әлеміндегі тәрбие және исламтану саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында 3 күндік халықаралық ғылыми симпозиум басталды.
None
None

ҚМДБ мәліметінше, жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі, Египет Араб Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Саләмә Нәбилә, Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ислам ұйымының (ИСЕСКО) өкілі Юсуф Әбу Дақа, т.б. ғалымдар ойларын ортаға салды. 12 шетелдік университеттен келген сарапшылар да ислами білім берудің бүгіні мен болашағы жайлы баяндама жасады.

«Қазақ халқының Ислам дінін қабылдағанына 1200 жылдан асты. Отырар, Фараб, Жент, Түркістан қалаларынан шыққан ғалымдар Ислам өркениетіне өзіндік үлес қосты», - деді Бас мүфти симпозиумда. 

Елші Саләмә Нәбилә өз баяндамасында Құранның ең алғашқы аяты «Оқы!» деп басталатынын, сондықтан Ислам әлемі білім-ғылымға баса назар аудару қажеттігін тілге тиек етті.

«Нұр-Мүбарак» университетінің ректоры Махмұд Фаһми Хижазидің айтуынша, бүгінде оқу орны дін кадрын дайындап қана қоймай, Ислам ғылымына сүбелі үлес қосуда. Халықаралық жиын ертең де жұмысын жалғастырады.

Соңғы жаңалықтар