«Nur Otan»: Ақтөбенің экологиялық жағдайы жақсарады
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Алдағы үш жылда коммуналдық қалдықты қайта өңдеу көрсеткіші 10% жетеді. Ілеспе газ кәдеге жаратылып, тұрмыстық қалдық полигондары салынады. Қоқысты сұрыптауға арналған контейнерлер орнатылады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы атынан Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер теміржолшылармен кездесуде айтты.
Ақтөбенің Мұғалжар ауданы - өндірісті өлке. Мұндағы ірі мұнай компаниялары пандемия кезінде де тұрақты даму үрдісін жалғастырды. Алдағы бес жылда бірнеше өндіріс орны іске қосылады. Бұл «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы міндет. Мәселен, 2021 жылы мұнай қалдықтарын қайта өңдеу, қиыршық тас өндіру, газ сорғы станциясының құрылысы басталады. Синельниковское кен орны игеріліп, диабаз құрылыс тасы шығарылады. Ал 2023 жылы табиғи газдан және кварц құмынан техникалық көміртек өндіретін зауыттар бой көтереді. Сонымен бірге өндірісті ауданда құрамында алтыны бар қоспаларды өндіру фабрикасы салынады.
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірген Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Қазыбек Әлішев ірі өндіріс орындарымен қатар ауданда ауыл шаруашылығы саласын дамытудың жолын айтып берді.
«Nur Otan» партиясы суармалы жерлердің көлемін 1,5 есеге арттырып, 1 200 га дейін жеткізу, асыл тұқымды ірі қара мал басының үлесін 2,6%-дан 4,1%-ға дейін, ұсақ мал үлесін 10 пайыздан 11,4 пайызға көбейту, 2024 жылы қуаттылығы жылына 1,5 мың тонна болатын көкөніс жылыжайын салу, ет және сүт өңдеу цехтарын ашу міндеттерін алға қойды. Осы шаралар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, аграрларды барынша қолдауға мүмкіндік береді», - деді Қазыбек Әлішев.

Кездесу кезінде үміткерлер Әкімжан Есенаманов пен Азамат Адаев аудандағы ауылдарды газбен, ауыз сумен қамту мәселесіне тоқталды. Қазіргі кезде облыстың барлық аудан орталығында көгілдір отын бар. Ал алдағы бес жылда тағы 104 ауыл тұрғыны газ тұтынады. Нәтижесінде өңірдің 800 мың тұрғын, яғни, 68,9 пайызы қамтылады. Ауыз су құбырын тарту көрсеткіші 100% жетеді. 2023 жылға дейін бұл бағыттағы жұмыс толық аяқталады.
Қандыағаш пайдалану вагон депосының ұжымы Мұғалдар ауданы орталығындағы көшелерді жарықтандыру, жаңа аялдамалар орнату, темір жол вокзалы маңын абаттандыру және аудандағы экологиялық мәселелердің шешімін сұрады. Жағымсыз иісті жою жұмыстарының жоспарын білді.
«Nur Otan» партиясының мақсаты - атмосфераны ластаушы заттардың шығарылуын азайту және тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату. Сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері саласындағы ауданның әлеуетін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету. Алдағы бес жылда ілеспе газды кәдеге жарату жұмысы жалғасады. 2022-2023 жылдары Қандыағаш қалалық коммуналдық қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны салынады. Сонымен бірге Қандыағаш қаласының шетіндегі ескі полигондағы («Кентавр») жағымсыз иісті жою мақсатында консервациялау шараларын қабылданады. Әрі ауданның кіші қалалары мен елді мекендерінде қоқысты сұрыптап жинауға арналған 200 контейнер орнатылып, жыл сайын 7 мың түп көшет отырғызылады. Жабайы қоқыс алаңдары жайылады», - деді үміткер Әкімжан Есенаманов.

Онлайн кездесу кезінде теміржолшы әкесінің бүйрегі сыр беріп, облыс орталығында гемодиализ қабылдап жүргенін айтты. Екі арадағы жол науқас адамдар үшін қиынға соққан. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында бұл мәселенің шешімі бар. 2021-2022 жылдары Мұғалжар аудандық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіліп, гемодиализ орталығы ашылады.
Сондай-ақ кездесу кезінде Ақтөбе-Қандыағаш, Қандыағаш-Жем қалалары аралығындағы тасжол құрылысы туралы айтылды. Қазіргі кезде Ақтөбе-Қандыағаш қалалары арасындағы асфальтты халықаралық талапқай сай қайта салу жұмысы басталды. Жол төрт жолақты болады. Құрылыс жұмыстарына 62 миллиард теңге бөлінді. Жауапты екі мердігер мекеме де анықталды.
«Экономикамыз өрге басып, ауыл шаруашылығы саласы әртараптандырылады. Газ бен су жеткізіледі. Білім мен медицина сапасы артады. Сайлауалды бағдарламада қамтылған әр іс міндетті түрде жүзеге асырылады. Мұғалжардықтарды ел дамуы мен болашағы жолында өз таңдауын жасап, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын», - деді үміткер Қазыбек Әлішев.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.