Nur Otan: Ақтөбенің шалғай ауылында бие сүтін өңдеу цехы салынады
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Шаруалар мал басын арттырып, ет және сүт өңдеу кезінде мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланып отыр. Ақтөбенің Байғанин ауданында келер жылы бие сүтін өңдейтін цех салынады. Бұл туралы Nur Otan партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Естай Сисенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақтөбе облысының Байғанин ауданында мал шаруашылығы жақсы дамыған. Мұндағы тұрғындар ірі қарамен қатар ұсақ мал бағады. Шаруалар мемлекеттік бағдарламаны ұтымды пайдаланып, несиені субсидиялауды сәтті іске асырды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай жалғасады. Кәсіпкерлермен онлайн кездескен Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Естай Сисенбаев шаруаларға қолдауға бағытталған сайлауалды бағдарламаны жан-жақты түсіндірді.
«Ауыл шаруашылығы саласы ауданымызда жақсы дамыған. Инвестиция тарту, осы саладағы технологияны жаңарту, агроөнеркәсіп кешенін құру мақсатында алдағы бес жылда 6 инвестициялық жоба іске асырылады. Келер жылы Қарауылкелді ауылында қуаттылығы жылына 10 тонна болатын сүт өңдейтін шағын цехы ашылады. Сонымен бірге күніне 300 бөлке нан пісіретін наубайхана іске қосылады. Шаруалар ұлттық сусын өндірісін де кәсіп көзіне айналдырмақ. Сартоғай ауылдық округінде қуаттылығы жылына 30 тонна болатын бие сүтін өңдейтін цех салынады. Өндіру жолы бөлек, өңдеу де басымдыққа ие. 2022 жылы Қарауылкелдіде күніне 100 келі ет өңдейтін, шұжық, консерві өнімдерін шығаратын цехын іске қосылады. Ал 2024 жылы Жаңажол, Миялы ауылдық округтерінде асыл тұқымды қой саны артады. Мұның бәрі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және шаруаларға барынша қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Яғни, халық таза, табиғи өнім тұтынады», - деді үміткер Естай Сисенбаев.

Партияның сайлауды бағдарламасының негізгі басымдықтары халықтың әл - ауқатын жақсарту, шағын және орта бизнесті дамытуға да бағытталған. Үміткер Естай Ибрагимұлы пандемияның дүниежүзіне тигізген әсеріне тоқталды. Ашығын айтқанда әлемді жайлаған коронавирус індеті барлық саланың тұрақты дамуына кедергі келтірді. Оның ішінде кейбір кәсіп түрі ел саулығы үшін қызметін уақытша тоқтатты. Осы бағытта партия кәсіпкерлікті қолдау бағытын қарастырып отыр. Халықтың табысы азайып, жұмыссыз азаматтар қарасы көбейген сәтте бизнес нүктелерін қалпына келтірумен қатар «Атамекен» ҰКП-мен бірге жаңа жобаны іске асырылады. Партияның сайлауалды бағдарламасында Байғанин ауданында жыл сайын 700 жаңа жұмыс орнын құру көзделіп отыр.
«Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы бойынша жыл сайын кемінде 5 жобаны қаржыландыру, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» жылдарға арналған бағдарламасы бойынша жыл сайын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін кемінде 25 грант және 70 микрокредит бөлу партия міндеттерінің бірі. Бұл шаралар 3,5 мыңға жуық жұмыс орнын құруға, жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің санын 2025 жылға қарай 2,7 мыңға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді үміткер.
Ақтөбе облыстық маслихат депуттатығына үміткер Естай Сисенбаев «Байғанин аудандық орталық ауруханасы» бастауыш партия ұйымының ұжымымен де кездесті. Аурухана ғимаратында өткен жиналыста «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.


«Әлемді жайлаған COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау жүйесіне үлкен сынақ болғаны бәрімізге белігілі. Партияның алға қойған басымдықтарының бірі –денсаулық сақтау саласын дамыту. 2021 жылы аудандық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіледі. Келер жылы Жарқамыс, Кемерши ауылдарына дәрігерлік амбулатория салынады. Ал 2022 жылы Қаражар, Қораши, Қосарал, Көкбұлақ, ауылдарында медициналық пункт бой көтереді. 2024 жылы Миялы ауылының медициналық пунктіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Аудандағы емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жедел жәрдем көлігі сатып алынып, өкпені жасанды желдету аппараты жеткізіледі. Қатерлі ісікті ерте анықтау үшін жыл сайын кемінде 2500 адамға скрининг жүргізіледі. Бұл нақты іске асатын міндет. Біз дәрігерлердің еңбегін, олардың жанқияр тірлігін жоғары бағалаймыз. Ақ халаттылардың жұмысы тағы бір сыналған шақта сын-қатерге төзе білгендері үшін алғыс айтамыз. Партия әрдайым шын жанашырды, нағыз маманды қолдайды. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмысты жалғастырамыз. Nur Otan-ға дауыс беріңіздер! Біз бар кедергіні бірге еңсереміз», - деді үміткер. Сөйтіп 2025 жылға қарай тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы 77 жасқа жетеді.
Қиындықты бірге еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.