«Нұр Отан», «Азаматтық Альянс», «Атамекен одағы» және Кәсіподақтар кеңесі ? дағдарысқа қарсы тұру үшін бірігеді

ШЫМКЕНТ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ – Облыстық төрт ұйым – «Нұр Отан» партиясы, «Азаматтық Альянс», «Атамекен одағы» және Кәсіподақтар кеңесі дағдарысқа қарсы тұру үшін бірігеді. Бұл жөніндегі меморандумға Шымкентте қол қойылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Қазақстан, бүкіл әлемдік державалар сияқты әлемдік қаржы дағдарысының барлық көлеңкелі салдарларын өзімен бірге сезінді. Осы жаңа күрделі жағдайда елдегі саяси және әлеуметтік тұрақтылықты, азаматтық бейбітшілікті және қоғамдық келісімді сақтаудың маңызы арта түседі», ? деді ОҚО әкімі, «Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Нұрғали Әшімов.Осы тұрақтылықты азаматтық қоғам институты қамтамасыз ете алады деп санайды кездесуге қатысушылар. Бірақ тек күш-жігерді біріктіріп, пікір алшақтылықтары мен түрлі қайшылықтарды жеңе отырып дағдарысқа және оның зардаптарына қарсы тұруға болады. Облыс халқы алдындағы жауаптылықты жете сезінген азаматтық қоғамның төрт институты филиалдарының басшылары меморандумға қол қойды.
Соңғы жаңалықтар