12:11, 05 Наурыз 2013 | GMT +5
«Нұр Отан» «электронды партия» жасауды қолға алды - Б.Байбек
АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» «электронды партия» жасауды қолға алды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында аталған партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті.

Оның атап өтуінше, партия ғаламтордағы жұмыстарын жүйелі түрде күшейтпек. Өйткені қазіргі кезде халықтың 60 пайызынан астамы, әсіресе, жастар жағы интернет пайдаланушылар болып табылады.
«Сол себепті «Нұр Отан» «электронды партия» жасауды қолға алды. «Нұр Отанның» ресми сайты мазмұнды әрі қолданбалы сипатқа ие болады», - деді ол.
Б.Байбектің айтуынша, алдағы уақытта партия сайты сайлаушылардың қызығушылықтарына орай ыңғайлы әрі ұтымды болмақ.