«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы республикалық сайлауалды штабын құрды

ТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы республикалық сайлауалды штабын құрды.
None
None

Оның құрамында беделді партия қызметкерлері мен партияның саяси кеңесінің мүшелері және Қазақстан қоғамының танымал қайраткерлері бар. Бұл туралы бүгін Астанада осы мәселеге байланысты журналистермен арнайы өткізілген баспасөз мәслихатында «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин мәлім етті.

Кеше Мемлекет басшысы 4-ші шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттарын тарату жөнінде Жарлыққа қол қойып, жергілікті Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2012 жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалды. Сондай-ақ кеше Орталық сайлау комиссиясы осы күні жергілікті мәслихат сайлауын өткізу жөнінде арнайы қаулы қабылдады. Осыған байланысты «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы өзінің республикалық сайлауалды штабын құрды.

«Штабтың басты мақсаты тиімді сайлау науқанын жүргізіп, біздің партиямыздың осы сайлауда ұстанып отырған сайлауалды платформасын жан-жақты түсіндіріп, насихаттау болып табылады.

Ең бастысы, біз осы сайлауда сенімді түрде жеңіске жетуіміз керек. Сондықтан да осындай штабтарды еліміздің барлық облыстары мен қалаларында және аудандарында ашудамыз. Бұған қоса біз партияның қоғамдық қабылдау орындарын да ашамыз. Сондай-ақ партияның сенімді өкілдері мен үгіт-насихатшылары және еріктілер командасы да жасақталуда»,-деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Н.Нығматулин.

Оның айтуынша, барлығы 16 аймақтық, 210 қалалық және аудандық сайлауалды штабтары құрылады. «Республикалық штаб сайлауалды науқанының нақты жоспарын құрады. Біз қолда бар барлық құралдар мен ресурстарды іске қосамыз. Нақтырақ айтқанда, сайлау үдерісіне қатысатын партияның барлық құрылымдарының тиімді қызметі қамтамасыз етіледі. Ерекше айта кететін мәселе, штаб заң процедураларының орындалуын ерекше қадағалайды. Сайлаумен байланысты шаралар сайлау заңнамаларына сай өтеді»,-деді партия төрағасының бірінші орынбасары.

Соңғы жаңалықтар