«Нұр Отан» Халықтық -демократиялық партиясының кезекті XIII съезі өз жұмысын бастады
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, құрылтайдың күн тәртібінде алты мәселе бар. Атап айтқанда олар мыналар: "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының атынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаты ұсыну туралы; "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы туралы; Партияның саяси кеңесінің 2010 жылғы жұмысының қорытындысы туралы; Партияның Орталық бақылаушы-ревизиялық комиссиясы жұмысының қорытындысы туралы; Партияның Саяси кеңесінің мүшелерін сайлау туралы; Партияның Орталық бақылаушы-ревизиялық комиссиясын сайлау туралы мәселелер. Күн тәртібі бірауыздан мақұлданды.
Жиын барысында «Нұр Отан» партиясының өкілдері мен оның Парламенттегі және аймақтағы фракцияларының басшылары мен өкілдері, Парламент депутаттары мен бірқатар мемлекеттік орган басшылары және Астана әкімі сөз сөйлейтін болады.
Айта кетейік, 11 ақпанда Астанада «Нұр Отан» ХДП-нің кезекті 13-ші съезі өткізілетінін ағымдағы жылғы 13 қаңтарда Теміртауда қалалық партия ұйымының есептік-сайлау конференциясы барысында «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин хабарлаған болатын. «Бүгін, және осы жерде - Теміртауда, мен біздің Көшбасшымыздың қабылдаған бір саяси шешімі туралы хабарлағым келеді. Біздің партияның төрағасы кеше 11 ақпанда Астана қаласында партияның 13-ші кезекті съезін шақыру туралы шешім қабылдады. Бұл маңызды саяси іс-шара болады. Осы съезде тек біздің партияның алдағы 10 жылға арналған қызметінің жаңа векторы анықталып қоймай, Қазақстанның 2020 жылға арналған даму стратегиясына сәйкес оның миссиясы көрініс табатын партияның жаңа бағдарламасы қабылданады», - деп атап көрсеткен болатын Н.Нығматулин.