16:26, 09 Қыркүйек 2009 | GMT +5
«Нұр Отан» ХДП Ақмола облыстық филиалы төрағасының 1-ші орынбасары тағайындалды
ШЕТАУ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаевтың бұйрығымен Ғалым Шойкин партияның Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі филиал баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғалым Нұрмағамбетұлы 2000 жылы Гумилев атындағы Еуразия университетін, 2004 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тамамдаған. Еңбек жолын Ақмола облысына қарасты «Мәдениет» ауылында механизаторлықтан бастап, жоғары білім алғаннан кейін сол университетте ұстаздық еткен. 2006-2009 жылдар аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінде әлеуметтік бөлімнің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, Жастар саясаты жөніндегі кеңес хатшысы қызметтерінде болған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты. Осы жылдар ішінде 45 ғылыми еңбектің, соның ішінде бес монография мен 4 жинақтың авторы атанған.