«Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалының төрағасы Ахметжан Есімов азаматтарды қабылдады

АЛМАТЫ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Данияр Сиқымбаев/ – Бүгін «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалының төрағасы, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов азаматтарды қабылдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бүгін партияның Алматы қалалық филиалы төрағасының қабылдауына 30-дан астам адам жазылды. Көптеген азаматтар тұрғын үй мәселесін шешуде көмек көрсетуге өтініш білдірді. Өтініштердің бір бөлігі үлескерлік құрылыс, зейнетақыларды есептеу, мүгедектерге жеңілдіктер беру мәселелерін қозғайды. А.Есімов оған жеке тәртіппен өтініш білдіргендердің барлығын да қабылдап, әрбір өтініш бойынша тиісті басқармалар мен қызметтердің бастықтарына тапсырмалар берді. Өмірлік маңызды проблемалар мен мәселелерді шешуде тұрғындарға көмек көрсету, сондай-ақ халықпен жұмыс істеу тетіктерін жаңғырту мақсатында «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы қалалық және аудандық филиалдар төрағалары қабылдау өткізуді тәжірибеге енгізуде. Онда тұрғындар қалалар мен аудандардың әкімдеріне тікелей сұрақ қою, өз проблемалары туралы өтініш білдіру, қажетті түсініктемелер мен көмектер алу мүмкіндіктеріне ие болады.Партияның Алматы қалалық филиалының қоғамдық қабылдауына тек жыл басынан бері ғана 1 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Көптеген өтініштер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық сипатындағы, тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ зейнетақыларды есептеу мәселелерін шешуге ықпал ету жөнінде болды. Алматы қаласы тұрғындарының барлық өтініштері айрықша бақылауға алынған, олар қарау және шешу үшін жергілікті билік органдарына жіберілді.
Соңғы жаңалықтар