«Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуының барысын қадағалап отыр
Кездесуге Алматы облысы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жомартқали Жексембинов, аталмыш бағдарламалардың жүзеге асырылуына қатысатын мемлекеттік органдардың жетекшілері, сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу жөніндегі облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты.
«Дөңгелек үстел» барысында партиялық бақылаудың «Бизнестің жол картасы 2020», индустриялық-инновациялық дамуды жеделдету, «Еңбекпен қамту-2020», «Ақ бұлақ», «Балапан», «2011-2014 жж. тұрғын үй -құрылысы», тағы басқа әлеуметтік маңызы зор мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын қадағалау бойынша жұмысы талқыланды.
Шараға қатысушылар осы бағдарламалардың жүзеге асырылуына тартылатын тиісті мемлекеттік басқару органдары мен шаруашылық субъектілерінің қызметін жақсарту жөнінде өз ұсыныстарын айтты.