«Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы республикалық акция аясында азаматтарды қабылдайды

«Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы қарапайым азаматтардың жеке мүдделерін қорғаудың тиімді үлгісін қолдануда қоғамдық қабылдау бөлімінің барлық мүмкіндіктерін жүйелі түрде қолданады. Солардың бірі ретінде, қалалық филиал «Әділет кеңес береді» республикалық акциясы аясында азаматтарды қабылдаудың Ашық есік күнін өткізеді», - делінген партияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қоғамның алдында тұрған басты міндеттерді шешудің оңтайлы жолы, адамзат әлеуетінің сапасын жүйелі түрде арттыру болып табылады. Бұл мақсат экономикалық саясатта партияның басымдылығын айқындап қана қоймай, алдағы онжылдықта атқарылатын барлық стратегиялық шаралардың негізі болып қалмақ. Адамзат қорын жетілдіру әлеуеттің жоғарғы сапалылығымен және ел дамуының 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарында айқындалады.
Партияның негізгі күшін жұмылдырудың бірден-бір бағыты қоғамның құқықтық мәдениеттілігі мен сауаттылығын, жемқорлыққа қарсы әлемдік қөзқарасын қалыптастыру.
Осы күні астана тұрғындарының мәселелі сұрақтарын шешу, азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен ақпараттандыруды арттыру үшін елорда тұрғындарына заңдық кеңестер беріліп, жан-жақты көмектер көрсетіледі.
Азаматтарды қабылдауға қатысатындар: «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жаңабергенов Қ.М., Астана қаласы Әділет департаментінің бастығы Мусин Қ.С., адвокаттар, нотариустар.