«Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы жемқорлыққа қарсы «Қара таңба» науқанын бастады

АСТАНА. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы мен «Ізгі амал» қоғамдық бірлестігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Қара таңба» науқанын бастады.
None
None
Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Владислав Сергеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. В.Сергеевтің атап көрсеткеніндей, шараның мақсаты мемлекеттік органдардың азаматтардың өтінімдерімен жұмыс жасауды белсендіру болып табылады. «Көп жағдайда мемлекеттік органдар азаматтардың проблемасын шешіп беруге әрекет етудің орнына сырғытпа жауаптар қайтарумен құтылады. Бұл өз кезегінде азаматты өз мәселесін шешудің басқа амалдарын іздеуге, яғни пара беруге итермелейді», - дейді ол. Науқан бірнеше бағытта ұйымдастырылады. Мәселен, барлық меморгандарда азаматтардан келіп түсетін өтінімдермен жұмыстың жүргізілу барысына мониторингі жүргізіледі. Сондай-ақ, жоба аясында «Құқықтық көмек орталығы» ашылып, оның жұмысына жұмылдырылатын білікті заңгерлер мен болашақ заңгер студенттер халыққа қандай да бір мәселені заңды жолмен шешудің амалдары мен өтінімдердің сауатты толтырылуы, оны меморганға тапсыру мен тіркеуге қатысты кеңестер беретін болады. Орталық жіберілген өтінімнің уақытылы және толық көлемде қаралу процедураларын жіті қадағалайтын болады. Мониторингтің қорытындысы бойынша өтінімдерді қарау тәртібін өрескел бұзған мекемеге «Қара таңба» беріліп, ол ғимаратқа кіреберіс есікке ілінетін болады.
Соңғы жаңалықтар