«Нұр Отан» ХДП Азаматтық қоғам институттарымен әлеуметтік және ішкі саяси тұрақтылықты сақтау туралы меморандумдарға қол қоюда

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Әлеуметтік және ішкі саяси тұрақтылықты сақтау мақсатында «Нұр Отан» ХДП аймақтық филиалдары мен Азаматтық қоғам институттары арасында меморандумдарға қол қою шаралары жүзеге асырылуда.
None
None
Бұл туралы бүгін апталық брифингте партияның ресми өкілі Оксана Петерс мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның атап көрсеткеніндей, аталмыш меморандумдарға қол қою осы уақытқа дейін Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарында жүзеге асырылды. «Бүгін кезекті шара Алматы, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, ал ертең Астана, Алматы және Қызылорда қалаларында ұйымдастырылады», - деді ол. О.Петерстің айтуынша, меморандумдар қоғамдық келісімді сақтайтын күштердің басын біріктіруге, әлемдік қаржы дағдарысына қарсы тұру жағдайында ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға ықпал ететін болады.
Соңғы жаңалықтар