14:23, 30 Қараша 2011 | GMT +5
«Нұр Отан» ХДП барлық партиялардың арасында бірінші болып Мәжіліс депутаттығына тіркелу үшін кандидаттар тізімін ұсынды - ОСК
ТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Орталық сайлау комиссиясы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы барлық партиялардың арасында бірінші болып Мәжіліс депутаттығына тіркеуден өту үшін кандидаттар тізімін ұсынды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ХIV съездің шешімімен оған 127 адам енгізілді. Бүгін партияның өкілдері ОСК-ға барлық құжаттарды тапсырды. Заңнама талаптарына сәйкес, үміткерлердің тектері жазылған съезд хаттамасының көшірмесінен басқа тіркеуден өту үшін өтініш, салық органдарынан алынған анықтамалар, әрбір үміткердің, оның жұбайының өмірбаяндық мәліметтер болуы тиіс.
Заңға сәйкес, Парламент Мәжілісінің депутаттарының кезектен тыс сайлауына партиялық тізімдерді тіркеу 15 желтоқсанға дейін жалғасады.