«Нұр Отан» ХДП Батыс Қазақстан облыстық филиалы жыл басынан бері 274 шара өткізіп, оған 121 мыңнан астам адам қатысты

ОРАЛ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП Батыс Қазақстан облыстық филиалы жыл басынан бері 274 шара өткізіп, оған 121688 астам адам қатысты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Филиалдан түскен мәліметке қарағанда, осының 52-сі ? қоғамдық-саяси шаралар (13334 адам), 24-і ? әлеуметтік іс-шаралар (3825 адам), 46-сы ? ішкі партия жұмыстары (10078 адам), 48-і ? еңбек ұжымдарымен кездесулер (32807 адам), 65-і ? мәдени-көпшілік шаралар (51238 адам), 39-ы ? жастар акциясы (10394 адам). Биылғы төрт айда, сондай-ақ қоғамдық қабылдау бөлмесіне 925 өтініш түссе, депутаттар түрлі мәселелер бойынша 424 қабылдау өткізді. Мемлекеттік органдарға 344 өтініш жолданса, соның 237-сіне жауап келіп, 150-і оң шешілді. Облыстық филиал жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес бес отырыс өткізіп, түрлі мәселелерді қарады. Сыбайластыққа жол бергені үшін үш адам партия қатарынан шығарылды. Биылғы наурыз айында құрылған партиялық бақылау комиссиясына «Нұр Отан» ХДП мүшесі, облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Ноғаев жетекшілік етеді. Ал дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында бөлінетін мемлекеттік қаражаттың пайдаланылуын бақылау жөніндегі топқа облыстық мәслихат депутаты, «Родник» ЖШС директоры Ришат Хайруллин басшылық жасайды. Жалпы, өңірде партия қатарында 27714 адам болса, бастауыш ұйымдар саны ? 322. Биылғы қаңтарда партия мүшелігіне 1189 адам қабылданса, 845 адам шығарылды. Облыстағы барлық деңгейдегі мәслихаттарда 200 депутат болса, соның 192-сі немесе 96 пайызы ? «Нұр Отан» мүшелері. «Жас Отан» жастар қанатының аудандарда 13 бөлімшесі, 382 буыны жастар қоғамдық бірлестіктерімен, жастар мәслихатымен бірлесе отырып жұмыстанып келеді. «Жасотандықтар» қатарында 8548 адам бар.
Соңғы жаңалықтар