«Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы қабылдау бөлмесіне келушілерді депутаттар қабылдады

Л. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы қабылдау бөлмесіне келушілерді облыстық мәслихат депутаты Тұяқбай Рысбеков қабылдады.
None
None

Қазталов ауданына қарасты Сатыбалды ауылының бұрынғы тұрғыны Зай Әбужалитов аталған елді мекенде су, газ мәселесі тез шешілгенін қалайды. Бұл туралы депутат аудан әкімі Табылғали Сапаровқа арнайы хат жолдады.

Зеленов ауданындағы Янайкин ауылының тұрғыны Балжан Қарманова атаулы әлеуметтік көмекті ала алмай жүргеніне наразы болса, Ажар Ысқақова жұмысқа орналасқысы келеді. Депутат Б.Қармановаға құжаттарын жинақтап, жазбаша өтініш жазуға, ал екіншісіне еңбек биржасына тіркелуге кеңес берді.

Облыстық мәслихат депутаты Самат Оспанов та келушілердің өтініш-тілегіне мұқият құлақ түріп, нақты ақыл-кеңесін айтты. Жалпы, тұрмыстық мәселелерді алға тартушылар аз емес.

Қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Гүлжан Мұқтарованың сөзіне қарағанда, адамға кейде дұрыс түсіндіріп, жол сілтеп жіберудің өзі ерекше әсер етеді.

Соңғы жаңалықтар