«Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы «Жұмыспен қамту - 2030» бағдарламасына байланысты азаматтарды қабылдады

ОРАЛ. 9 қазан. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» ХДП облыстық бөлімшесінің ұйымдастыруымен ««Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі бойынша азаматтарды бірыңғай қабылдау» шарасы өтті.
None
None

Осыған орай қоғам­дық қабылдау бөлмесіне 15-тен аса тұрғын келіп, өздерін тол­ғандырып жүрген мәселелер жөнінде мамандардан кеңес алды. Олардың кейбіреулері жа­ңадан ашқан кәсібін одан әрі жетілдіру жолын білгісі келсе, енді бірі кәсіби біліктілігін көтергенін айтып, жұмысқа орналасу жөнінде көмек сұрады. Акция кезінде қабылдауға, негізінен, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдері келді. Мысалы, Теректі ауданының Ақжайық ауылынан келген Жаңылхан Байғалиева аяқ киім жөндеумен айналысатынын айтып, осы кәсібін одан әрі дамыту үшін «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша шағын несие алғысы келетінін айтты.

«Елбасы, «Нұр Отан» ХДП төрағасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес аталмыш бағдарламаның орында­луы пар­тия бақылауында. Біз бүгінгі шараны облыс тұрғын­­дарын «Жұмыспен қамту - 2020» бағ­дарламасын жүзеге асырушылармен бетпе-бет жүздестіріп, олардың толыққанды ақпарат алуына жағдай жасау мақсатын­да ұйымдастырдық. Қабылдауға келгендер біздің бөлме арқылы «Жұмыспен қамту - 2020» бағ­дарламасы және оған қалай қатысуға болатындығы жөнінде мамандардан толық мәлімет алуда», - дейді «Нұр Отан» ХДП облыстық бөлімшесі қоғам­дық қабылдау бөлмесінің меңгеру­шісі Гүлжан Мұхтарқызы.

«Бү­гінгі таңда өзінің жеке кәсібін ашушылар көп. Сол себепті жұрт, көбінесе, шағын несие алу жөнінде көмек сұрайды. Сондай-ақ жұмыс сұрап келіп жатқан жастар да көп. Оқу орнын бітіріп келіп, жұмысқа орналаса алмай жүрген жастар қаншама? Қайта оқыту арқылы мемлекет олардың жұмыспен қамтамасыз етілуіне жағдай жасауда.

Қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің айтуынша, аталмыш шара аяқталысымен, келушілер өтінішіне мониторинг жүргізіліп, оларды жұмыспен қам­ту мәселесі бойынша көмек көрсетілмек», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар