«Нұр Отан» ХДП-да ашық есік күндері өтеді

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Ақпанның 27-сінде «Нұр Отан» ХДП-ның барлық аймақтық филиалдарында «Нұр Отан» - шынайы істің партиясы» атты ашық есік күні өтеді.
None
None
Бұл туралы бүгін партияның ресми өкілі Оксана Петерс мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. О.Петерстің айтуынша, келушілер партияның 10 жылда жүріп өткен жолын баяндайтын арнайы көрмемен танысып, партия құрылған күннен бастап ерен еңбек еткен жеке тұлғалармен жүздесетін болады. Сондай-ақ, жергілікті өнер ұжымдары әзірлеген арнайы концерттік бағдарламаны тамашалайды. Бұл күні Қоғамдық қабылдау бөлімдері де кеңейтілген форматта жұмыс істейтін болады. Азаматтарды қабылдаумен партияның аймақтағы филиалдарының басшылары мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп өткізеді.«Шараның мақсаты ? филиалдар жұмысын жандандыру, партияның 10 жылдық мерейтойына қоғам назарын аудару, партия жақтастары қатарының өсуіне ықпал ету, әлеуметтік оптимизмді қалыптастырып, болашаққа деген сенімді арттыру», - деді ол.
Соңғы жаңалықтар