«Нұр Отан» ХДП делегациясы «Еуразиялық одақ: болашақ мақсаттар, мәселелер және жоспарлар» тақырыбында Қазан қаласында өткен халықаралық конференция жұмысына қатысты

Бұл туралы партияның орталық аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
Форумның ұйымдастырушылары ТМД мүше-мемлекеттермен байланыс жөнінідегі РФ Президентінің арнайы өкілі Константин Косачев, РФ Мемлекеттік Думасы, РФ СІМ өкілдері.
Түрлі пікірталастар алаңдарында посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістердің саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық көріністері талқыланды.
М. Ерман өз сөзінде тағы бір мәрте әріптестерінің назарын Кедендік Одақ, Еуразиялық экономикалық кеңістік құруға ықпал еткен интеграциялық процестердің жаңа үлгісінің негізін салушы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөліне аударды.
Жиында 2011 жылы 18 қарашада қол қойылған Еуразиялық экономикалық интеграция туралы Декларацияның маңыздылығы мен өзектілігі айтылды. Онда Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің мүмкіндіктерін толықтай жүзеге асырудың міндеттері және 2015 жылдың бірінші қаңтарына дейін Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің нормативтік-құқықтық базасын құрайтын халықаралық келісім-шарттардың кодификацияларын аяқтаулар туралы нақты көрсетілген.
Қазақстандық делегация конференцияға қатысушыларды Декларацияда айтылған міндеттерді жүзеге асыруға бар күш-жігерді жұмылдыруға шақырды және конференция атауын «Еуразиялық одақ: болашақ мақсаттар, мәселелер және жоспарлар»,- деп толықтыруды ұсынды.
Негізгі баяндама жасаған ТМД істері жөніндегі Мемлекеттік Дума комитетінің төрағасы Леонид Слуцкий Қазақстан Президентінің рөліне тоқтала келіп, Еуразиялық интеграцияның және оның түрлі өлшемдерінің негізін салушы деп атады.
Конференцияның көптеген қатысушылары Нұрсұлтан Назарбаевтың «Известия» газетінде жарық көрген, дәйексіз геосаяси идеялар мен ұрандар емес, нақты экономикалық мүдде атап көрсетілген «Еуразиялық одақ: Идеядан болашақтың тарихына» мақаласында айтылғандармен келісетіндерін жеткізді.
«Еуразиялық Одақты құрудағы экономикалық көріністер» секциясының модераторы ЕврАзЭҚ ПАА Ресей делегациясының жетекшісі Елена Панина мемлекет басшылары деңгейінде қабылданған шешімдерге сай қимылдап, ынтымақтастық ұстанымдарының талаптарымен сәйкес келмейтін ұсыныстарды айтудан аулақ болу керектігін баса айтты.
Шара барысында М. Ерман Мемлекеттік Дума төрағасының орынбасары Сергей Железнякпен, ТМД мүше-мемлекеттермен байланыс жөніндегі РФ Президентінің арнайы өкілі Константин Косачевпен, «Единая Россия» партиясы басшылығымен, бірқатар елдер делегацияларының өкілдерімен кездесті.
Әріптестіктің ағымдағы және болашақ жағдайларын алдын-ала талқылау үшін партияаралық пікірталас алаңын құру туралы түсіністікке қол жеткізілді.