«Нұр Отан» ХДП депутаттарының форумы өтіп жатыр

АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ Бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП депутаттарының форумы өтуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған жиынның мақсаты ? партияның халықтық тұғырнамасының іске асырылу барысын талқылау және әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында одан әрі жүзеге асыруды жоспарлау болып табылады. «Нұр Отан» партиясының халықтық тұғырнамасы қабылданған күннен бастап қомақты нәтижелерге қол жеткізілді. Мемлекеттік органдарда халықтық тұғырнаманы іске асыру бойынша жұмыстар жүйеленді. Сондай-ақ, тұғырнаманың 80 пайыздан астам ережелері 2009-2011 жылдарға арналған орталық атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына енгізілген. Форум «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХІІ съезі қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Сондықтан да, алқалы жиын барысында халықтық тұғырнаманың іске асырылуына алдын ала қорытынды жасап, оның басымдықтарын анықтау маңызды бола түспек. Басқосуға ҚР Үкіметінің басшылығы, ҚР Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің өкілдері, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органның өкілдері және тағы басқалары қатысуда. Басқосу қорытындысына орай «Нұр Отан» ХДП форумына қатысушылардың Қазақстан Республикасы азаматтарына үндеуі қабылданады деп күтілуде.
Соңғы жаңалықтар