«Нұр Отан» ХДП доктринасы ұзақмерзімді перспективаға бағытталған басты құжатқа айналады - Б. Байбек

«Доктрина қабылдау арқылы партия жұмысының стратегиялық жоспарлау жүйесі ретке келтіріледі. Онда партия бағдарламасынан бөлек, оның сайлауалды тұғырнамасы да толық қамтылғалы отыр», - деді жұмыс тобының отырысында Б. Байбек. Оның айтуынша, Доктринаны әзірлеудің ақырғы сатысында құжаттың қазақ тіліндегі мәтінін жетілдіру бойынша арнайы редакциялық топ құрылып, оның құрамына Сауытбек Абдрахманов, Жабал Ерғалиев, Алдан Смайыл, Амангелді Мырзабек, Намазалы Омашев секілді танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері енген.
Ал Доктрина жобасының ерекшелігі құжатта алғаш рет партияның идеялық-дүниетанымдық көзқарастары мен адами, рухани құндылықтарға қатысты ұстанымдары нақты көрініс тауып отыр.
Еске сала кетейік, Доктрина жобасы ағымдағы жылдың 18 қазанына жоспарланған партияның XV съезінде делегаттар талқысына шығарылып, қабылданады деп жоспарлануда.