«Нұр Отан» ХДП доктринасы жаңа қазақстандық отансүйгіштікті бекітуге, келісім мен ортақ азаматтық құндылықтарға негізделген халықтар бірлігін нығайтуға қосылған үлес - профессор Р.Қадыржанов

АЛМАТЫ. 9 қазан. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының жаңа доктринасы жобасының жариялануы елдің идеологиялық өмірінің ірі оқиғаларының біріне айналды. Доктрина партияның еліміздің ХХІ ғасырдағы даму перспективаларын айқындайтын «Қазақстан-2050» стратегиясын тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін рөлін айқындайды.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне философия ғылымының докторы, профессор Рүстем Қайыржанов мәлім етті.

«Қазақстан-2050» стратегиясы экономикалық, саяси, әлеуметтік мәдени және рухани салалардағы кең ауқымды реформалардың кешенді бағдарламаларын қамтиды. Бұл реформаларды жүзеге асыру көпұлтты әрі көпконфессиялы қоғамдағы дүниетанымдық, мәдени һәм рухани топтасудың идеологиясы ретіндегі жаңа қазақстандық отансүйгіштікке негізделуі тиіс. «Нұр Отан» партиясының доктринасын жаңа қазақстандық отансүйгіштікті бекітуге қосылған үлес ретінде де қарастыруға болады. Партия доктринада өзінің басты құндылықтары қатарында қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті жариялап отыр. Жаңа қазақстандық отансүйгіштік 2050 жылға дейінгі ұлттық жаңа саяси бағдар жағдайында отандық отансүйгіштіктің тұжырымдамасын дамыту іспеттес.

Толықтай алғанда, отансүйгіштік азаматтардың өз мемлекетімен сәйкестілігінің өте жоғары деңгейін көрсетеді десек те болады. Яғни, олар өздерінің жеке бастарының мүддесінен Отанының мүддесін жоғары қояды. Отансүйгіштік жарқын бейнеленген эмоционалды реңкке ие әрі өзінің маңызды үлгісінде азаматтардың отаны үшін өз өмірін қиюға дайын екендігін болжайды. Дәл осы жайт ұлттық сәйкестіліктің барынша жоғары деңгейі саналады.

Отансүйгіштік мемлекеттік һәм мәдени институттар, құндылықтар және нышандар аясында байланысты адамдар қауымдастығының этносүстілік ретіндегі азаматтық ұлт түсінігімен тығыз байланысты.

Отансүйгіштікке тәрбиелеу көпұлысты қоғамдағы бірыңғай, тұрақты ұлтты қалыптастырудағы мемлекеттің маңызды құралы болып саналады. Отансүйгіштік тұрғыда тәлім-тәрбие берудің басты әлеуметтік институттары қатарында білім беру, әскер, өнер мен мәдениет жүйелерінің бар екендігін атап өткен орынды.

Жаңа бағдар Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуды болжамдайды. ҚР Президенті Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясында атап өткеніндей, «Біздің бұл бағыттағы басты мақсатымыз қарапайым және түсінікті: біз қоғамдық келісімді сақтауға және нығайтуға тиіспіз. Бұл - біздің мемлекет ретінде, қоғам ретінде, ұлт ретінде өмір сүруіміздің айнымас шарты».

Бұл әлемде қазақстандық модель ретінде кеңінен танымалдыққа ие болған этносаралық және конфессияаралық келісім мен бірлікті одан әрі қарай нығайту қажеттігін білдіреді.

Бұл модельді әзірлеуде әрі оны өмірге енгізуде Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың сарабдал саясаты басты рөлге ие. «Нұр Отан» партиясы әруақытта да Елбасының тірегі әрі көмекшісі бола білді. Мемлекет басшысының барлық стратегиялық бастамаларын алға жылжытуда зор көмек көрсете алды. Партия Қазақстандағы азаматтық ұлтты қалыптастыру ісін өзінің басты әлеуметтік-саяси міндеттерінің бірі ретінде қарастырып келеді.

Бұл міндет партияның ХХІ ғасырдағы басты бағдарларының бірі ретінде де қалып отыр. Партия оның шешімін өз доктринасында азамат пен мемлекеттің өзара іс-қимылдарының күшеюі арқылы межелейді. Қазақстанның азаматтық ұлты - бұл қуатты әрі белсенді азаматтар ұлты. Бұл ұлт барлық ұлт азаматтарының ортақ мүддесін білдіруші ретінде прогреске ұмтылады әрі қоғам мен жекелеген тұлғаларды жетілдіруді өз міндеттерінің қатарына қояды. Тұтас әрі ұйымшыл ұлт қана өз алдына сындарлы мақсаттар қойып, оны еңсеруге қабілетті. Сондықта да жаңа қазақстандық отансүйгіштіктегі келісім, ортақ азаматтық және ұлттық құндылықтарға негізделген бірлік - бұл біздің еліміздің жемісті әрі тұрақты дамуының мығым іргетасы.

Соңғы жаңалықтар