«Нұр Отан» ХДП елдегі бұқаралық жұмыстың тиімді тетіктерінің біріне айналды ? Бақытжан Жұмағұлов

АЛМАТЫ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат – «Биыл «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы өзінің он жылдығын атап өтеді. Қазақстандық қоғамды дамытудағы оның рөлі жөнінде ҚазАқпарат тілшісімен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Бақытжан Жұмағұлов сұхбаттасып, өз ойларымен бөлісті.
None
None
Танымал ғалым ? «Нұр Отан» партиясының көрнекті және белсенді өкілдерінің бірі, оның Саяси Кеңесінің мүшесі. - Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында «Нұр Отан» партиясын қоғамның барлық сындарлы күштерін жұмылдыру үшін топтастырушы күш болуға шақырды. Бұл орайдағы Сіздің пікіріңіз қандай?- «Нұр Отан» ХДП-ның топтастырушы рөлі жөнінде Мемлекет басшысының «Нұр Отан» ХДП Саяси Кеңесінің 2007 жылғы қаңтардың 17-сіндегі кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде айқын мәлімделген. Президент сонда «Нұр Отан» партиясы елдің бүкіл халқының мүддесін көздейтін шын мәніндегі көшбасшы партия болып отырғанын атап өткен болатын. Бірігу үдерістері мен ірі сайлау науқандары кезеңдерінен сүрінбей өтіп, партия Қазақстандағы жүйелі қайта құруларды жақтаушы және елдегі бұқаралық саяси жұмыстың ең тиімді тетіктерінің бірі бола білді. Бұған дәлел ?әлемдік қаржы дағдарысының республикаға әсері кезеңінде жақында күш-жігерді топтастыру және ынтымақтастық туралы елдің алты саяси партиясымен ? «Әділет», «Ақ жол», «Ауыл», «Руханият», Коммунистік халықтық және Қазақстан патриоттары партияларымен меморандумға қол қоюы. Бұл қадам бүгінгі күндері күрделі әлемдік экономикалық және саяси үрдістер орын алып отырған кезде өте маңызды болмақ. Бұл әртүрлі дағдарысты құбылыстарды болдырмауға және еңсеруге бағытталған сындарлы ұмтылыстарды қолдау отыру қажеттігінің біртұтас түсінігін ойластыру жолы екенін көрсетеді. Менің пайымдауымша, партияның топтастырушы рөлі қандай болуы тиіс? Біріншіден, ол елдің дағдарыстан шығуы және дағдарыстан кейінгі одан әрі дамуын талқылау үшін шараларды ойластырудың диалог алаңын құрумен байланысты. Осыған байланысты біздің Президентіміздің «Бейбітшілік пен келісім ? біздің басты басымдығымыз» деп аталатын өз түсінік жұмыстар бағдарламамызды жасау туралы бастамасын еске салғым келеді. Екіншіден, дағдарыс құрбандары (жұмыссыздар, алданған үлескерлер, зейнеткерлер, бюджеттік сала қызметкерлері, оқушы жастар және тұрмысы төмен жандар) болған адамдардың тұрмысын жеңілдетуге бағытталған пәрменді шараларды қолға алу керек. Ол үшін партияның аймақтардағы қызметін жандандыра отырып, бұл жұмысқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары ретінде мәслихаттарды белсенді тарту керек. Партияның аймақтық және аумақтық филиалдары, бастауыш ұйымдары қоғамымызда кездесетін келеңсіз құбылыстармен күрестің және белсенді саяси жұмыстардың орталығына айналуы тиіс. Үшіншіден, сыбайлас жемқорлықпен мақсатты күресті күшейте түсу қажет. Партияның облыстық және аудандық филиалдары жанынан құрылған арнайы кеңестер және қоғамдық қабылдау орындары парақорларға және қазынаға қол салған сұғанақтарға қатысты барлық шағымдарды сергек қарауы, жергілікті бюджеттердің жұмсалуына ерекше бақылау орнатуы тиіс. Төртіншіден, «Нұр Отан» партиясы қоғамдық пікірлер мен ұстанымдардың барлық қырлары бойынша өзара іс-қимылдың саяси әріптестігінің жалпы ұлттық инфрақұрылымын құру жөніндегі жұмысты жандандыруы тиіс. Өзінің стратегиялық миссиясын ? ұлтты топтастыруға қол жеткізу үшін партия Парламент Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатағы, әлеуметтік, экономиканы әртараптандыру, мәслихаттармен байланыс жөніндегі үш консультативтік кеңестердегі және азаматтық қоғам институттарындағы өз мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалануы тиіс. Бесіншіден, жастар жайын естен шығаруға болмайды ? олар мемлекетіміздің стратегиялық келешегі. Осыған байланысты жас ұрпақтың бойында азаматтық жауапкершілік ұстанымдарын, патриотизмді, борышқа адалдықты, парасаттылықты, әлеуметтік зиянды мінез-құлықтың кез келген көріністеріне төзімсіздікті тәрбиелеу мәселелеріне көп көңіл бөлу қажет. - Сіз Еуразия елдері университеттері ректорларының клубы мүшесісіз. Еуразиялық ықпалдасу идеясы гуманитарлық салада, атап айтқанда білім беруде неғұрлым белсенді қалыптасады. Оның мүшелері бұл жолда қандай нақты қадамдарды талқылайды?- Еуразиялық идеяның өзі гуманитарлық салада, орыс философиясының қойнауында пайда болды, сондықтан да еуразиялық ықпалдастықтың білім саласында қалпыптаса бастауының жөні бар. Өйткені, нақ осы білім, оның ішінде жоғары білім қоғамның әлеуметтік пішінін «соғады». Мемлекет басшысының еуразиялық бастамасы елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-білім беру және саяси өмірінің әртүрлі салаларындағы бәсекелестіктің артықшылықтарын нақты бағалауға негізделеді. Осындай ой-пікірді ескере отырып, Қазақ ұлттық университеті 1989 жылы Университеттердің еуразиялық қоғамдастығы құрылтайшыларының бірі болуға бастама көтерді. Оның ауқымында магистранттар мен докторанттардың неғұрлым тиімді ғылыми жедел бірлескен тетіктері пысықталуда. Ол үшін ТМД-ның өз артықшылықтары бар ? тілдік кедергілер жоқ, беделді ғылыми мектептер мен ынтымақтастықтың әуелден орныққан дәстүрлері бар, тек оларды қалпына келтіру қажет. Мысалға алатын болсақ, Қазақстан үшін ? таңдаулы оқытушылар мен жас ғалымдарды Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарында тәлімдік тәжірибеден өткізу қажет. Бірлескен жұмыстарымыздың тағы бір саласы ? профессорларды дәріс оқуға және PhD докторанттарын даярлауға басшылық етуге шақыру. 2008 жылы біздің жоғары оқу орнымыз бұрынғы кеңестік кеңістікте алғашқы болып жаңа тұрпатты докторларды - PhD докторларын даярлады. Бұдан басқа соңғы үш жылда университетімізде әлемнің көптеген танымал ғылыми және білім орталықтарынан 150-ден аса ғалым дәріс оқыды. - ҚазҰУ еліміздің стратегиялық дамуының басымдықтары, қоғамның өзекті пробемаларын шешу бойынша инновациялық идеяларды, сындарлы жобаларды және ұсыныстарды қорыта алатын жетекші ақыл-ой орталығы болуға қабілетті ме?- Әрине, қабілетті деп айтар едім, өйткені біздің жоғары оқу орнымызда зор зияткерлік әлеует бар. Бүгінгі таңда ТМД жоғары оқу орындары өз елдерінің жаһандық технологиялық көшбасшылығын қамтамасыз етудің ауқымды міндеттерін шешіп отырған жоқ. Мұндай жағдайдың одан әрі жалғасуы Қазақстанның ұзақ мерзімді кезеңде технологиялық шешімдерді импорттайтын және сатып алып пайдаланатын ел ғана болып, осы заманғы өзекті кадрлар даярлаудың келесі инновациялық толқынынан шығып қалуы қаупін туғызады. Сондықтан да ҚазҰУ-ды дамытуды озық технологиялар өндірісі мен заманауи өзекті білімдерді игерген кадрлар даярлауға, Қазақстан мен Орта Азияның бәсекеге барынша қабілетті салалары үшін кадрлар даярлауға, іргелі зерттеулер жүргізуге, бірегей жасалымдар шығаруға қарай бағыттауымыз қажет. Бүгінгі таңда ҚазҰУ жаратылыстану-ғылыми және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғылыми-техникалық проблемаларды шешуде профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің белсенділігін арттыра отырып, заманауи ғылыми-инновациялық қызметтер инфрақұрылымын жаңартуда, классикалық түрден нағыз инновациялық зерттеу университетіне айналуда. Ол жаһандық маңызды білімдер мен технологияларды өндіруі, әлемдік үдерістерге ықпал ете алатын кадрлар даярлауы тиіс. Алматыда іргелі зерттеулер бағдарламаларының басым бөлігін орындап отырған негізгі ғылыми мектептер, инновациялық технологияларды пайдаланатын және оларды жасауды, сондай-ақ оған керекті білікті кадрларды қажетсініп отырған ірі кәсіпорындар шоғырланған. Алматының ғылыми зерттеулер саласындағы бүкіл жинақталған әлеуеті, дамыған зияткерлік-мәдени ортасы, билік орындарының аймақта кәсіби білім жүйесін жаңартуға деген ықыласы, оның зияткерлік қызметтер мен технологиялар нарығы серпінді дамып отырған Азия елдеріне таяу орналасуы жан-жақты пайдаланылатын болады. ҚазҰУ ? екі ғылыми-зерттеу институтынан, ғылыми орталықтардан тұратын, ғылыми-технологиялық паркі, ашық түрдегі ұлттық нанотехнологиялық және инженерлік бейіндегі зертханалары бар зияткерлік-инновациялық корпорация. ҚазҰУ-дың осы барлық бөлімшелері үздіксіз режімде жұмыс жасай отырып, көптеген зерттеулерді ілгері жылжытып отыр, әртүрлі жобалар бойынша баяндамалар ұсынады, мемлекеттік саясаттың бірқатар өзекті бағыттарының зияткерлік келбетін қалыптастырады, заманауи білімдерді игеріп қана қоймай, үздіксіз жетіле түсуге ұмтылып отырған жоғары білікті кадрларды даярлайды. Жоғары оқу орнының ғалымдары бәсекеге қабілеттіліктің барлық талаптарына толық жауап бере алатын жаңа технологияларды, өнімдер мен материалдарды жасай отырып, ғылыми зерттеулерді белсенді жүргізіп келеді. Бір ғана мысал: жаңа химиялық технологиялар және материалдар ғылыми-зерттеу институтында Қазақстанда көмірсутекті шикізатты тереңдете өңдеуді 90-95 пайызға дейін арттыруға және қажетті өнеркәсіптік тауарлар: жанар-жағар материалдарын, еріткіштер, флотореагенттер, дәрілік препараттар, негізгі органикалық синтездің жартылай өнімдерін және басқаларын алуға мүмкіндік беретін 36 модульдік құрылғылардың жобалық-конструкторлық құжаттамасы жасалды. Бүгінде институт еліміз өнеркәсібіне көмірді сұйылту, көмірсутектерін қайталама өңдеу, биогаз алу және өңдеуді енгізу, Қазақстанның химиялық өнеркәсібіне ядролық технологиялар жасау және енгізу сияқты шаралармен айналысып жатыр. Ғарыш, ақпараттық технологиялар, энергетика және энергия үнемдеу салаларында келешегі зор жобалар бар. ҚазҰУ әлемнің 400-ден астам жоғары оқу орындарымен байланыс орнатқан және біз бұл ынтымақтастықты өзара тиімді әріптестікке айналдыруға ұмтылып отырмыз. «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмаларына сәйкес ҚазҰУ-ды дамыту стратегиясында» көрініс тапқан университеттің миссиясы мынадай деп тұжырымдауға болады: «Еліміздің экономикасын, ғылыми және қоғамдық өмірінің маңызды бағыттарын жеделдете дамыту проблемаларын шешуге бағдарланған заманауи элиталық жоғары білімді бәсекеге қабілетті мамандар корпусын қалыптастыру». Осындай ынтымақтастықты кеңейту әдістерінің бірі алмасу бағдарламаларын ұлғайту, соның ішінде грант алушылардың отанына оралуы шартымен бұл бағдарламаларды мемлекет есебінен қаржыландыру. Екінші тәсіл ? студенттерге білім беретін оқытушылар мен ғалымдардың біліктілігін арттыру. - Экономикалық дағдарыс жағдайында түлектерді еңбекке орналастырудың зор әлеуметтік маңызы бар. Болашақ жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізіліп жатыр ма? Бүгінде бұл еліміздің барлық білім саласы үшін ең басты мәселе болып отыр. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы да айрықша көңіл бөліп отыр ғой...- Түлектердің еңбекке орналасуы ? олардың еңбек нарығындағы қажеттілігінің өлшемі. Жоғары оқу орнында контингентті және студенттер мансабын қалыптастыру бөлімі жұмыс істейді, оның басты миссиясы ? еңбекке орналастыруға және оларды кәсіби дамытуға жәрдемдесу. Мысалға, ағымдағы жылғы сәуірдің 24-інде ҚазҰУ-да бос орындар жәрмеңкесі өтті. Алдағы жоспарларымызда ? семинарлар, тренингтер өткізу; еңбекке орналастыру, осы заманғы еңбек нарығы талаптары және еңбек құқығы жөнінде мамандар кеңестерін көрсету; дағдарысқа қарсы шаралар ауқымында ҚР Үкіметінің еңбекке орналастыру және жастарды жұмыспен қамту жөніндегі бағдарламаларымен таныстыру; психологтардың кеңестері; түйіндемелерді сауатты толтыруға және әңгімелесуден өтуге оқыту; жұмыс беруші компаниялардың таныстырылымдарын ұйымдастыру және басқа да көптеген шаралар көзделген.Биылғы жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 75 жылдығын мерекелеу ауқымында бір жылға есептелген мерейтойлық шаралар жоспары бекітілді, онда 75 түрлі ғылыми-білім беру, рухани-тәрбиелік, спорттық-сауықтыру, имидждік-таныстырылым жоспарлары белгіленген. 2009 жылы бізде 33 халықаралық және 11 республикалық, жоғары оқу орындарыаралық ғылыми, ғылыми-техникалық конференциялар өткізілмек, олардың бәрі де ҚР Білім және ғылым министрлігінің жинақтық жоспарларына енгізілген. Олардың бәрі де оқу үдерісін жақсартуға, университеттің ғылыми әлеуетін жарқыратып ашуға бағытталған деп батыл айта аламын.ҚазАқпараттың анықтамасы: Б.Жұмағұлов ? С.М.Киров атындағы ҚазМУ түлегі, математик-ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, ғылым, техника және білім саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері». Танымал мемлекеттік, қоғамдық және саяси қайраткер. 350-ден астам ғылыми жұмыстардың және жеті іргелі монографияның авторы. Б.Жұмағұлов 15 ғылым докторлары мен кандидаттарын даярлады. «Парасат» орденімен, КСРО-ның «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен, «Қазақстанның құрметті инженері» медалімен, «ҚР құрметті білім қызметкері», «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгілерімен марапатталған.ҚР Білім және ғылым вице-министрі, ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, ҚР Үкіметінің әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі болып қызметтер атқарды (2001-2005 жж.). 2005 жылғы сәуірде «Отан» республикалық саяси партиясы төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды. 2007 жылғы маусымда ? «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары. 2007 жылғы тамыздың 18-інде ?ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, төрағаның орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясының жетекшісі болды. 2008 жылғы мамырдан бері ? ҚазҰУ ректоры.
Соңғы жаңалықтар