«Нұр Отан» ХДП «Электронды партияны» іске қосты

www.nurotan.kz ресми сайтындағы «Электронды партия» - партия туралы объективті және жедел ақпарат беретін инновациялық құрал болып қана қоймай, қарапайым жұртшылықтың партия өміріне тікелей қатысуға мүмкіндік. Бұл ретте қазақстандықтар электронды түрде:
жеке өтініш беру; өз өтінішінің орындалу санатын білу; қоғамдық қабылдауға жазылу; партияға кіру секілді мүмкіндіктерді оңай алуға қол жеткізеді.
Сонымен қатар, жұртшылықпен байланыс үшін тегін тәулік бойы бірыңғай қызмет ететін желі (тел:59-78-50) қосылған.
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің айтуынша, «Электронды партия» жобасын іске қосу сервистік жұмыс ұстанымын енгізуді білдіреді. «Бұл жоба партия қызметінің негізгі 4 қағидатын - ашықтық, жауапкершілік, есептілік пен тиімділікті жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Енді азаматтар үйден шықпай-ақ партиямен байланыста бола алады және кеңес ала алады», - дейді Б. Байбек.
«Электронды партия» аясында Астанадағы Бірыңғай үйлестіру орталығына барлық аймақтардағы қоғамдық қабылдаулардан азаматтардың өтініштері келіп түседі. Субъективті фактор толығымен жойылып, бақылау айқындығы қамтамасыз етеледі.
«Сонымен қатар, SIP-қоңырау және бейне-мәжіліс байланыс жүйесі сияқты заманауи байланыс құралдары партия жұмысының заманауи тәсілдерімен қашықтықтан оқытуды жүргізуге мүмкіндік береді. «Электронды партия» тесттік тәртіпте бір ай аралығында жұмыс істейді. Интернет қолданушылары осы жоба бойынша өздерінің ұсыныстарын site@nurotan.kz жолдай алады. Берілген ұсыныстарды ескере отырып, жаңартылған сайт ағымдағы жылдың қараша айында іске қосылады деп жоспарлануда», - делінген баспасөз баянында.