«Нұр Отан» ХДП хатшылығына бір ай ішінде Ұлттық іс-қимыл жоспарын толықтыруға байланысты ұсыныстар енгізілуі тиіс - С. Ахметов

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов «Нұр Отан» ХДП хатшылығына бір ай ішінде Ұлттық іс-қимыл жоспарын толықтыруға байланысты ұсыныстар енгізуді тапсырды.
None
None

«Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп бір ай мерзім ішінде «Нұр Отан» ХДП хатшылығына Ұлттық іс-қимыл жоспарын толықтыруға байланысты ұсыныстар енгізсін»,-деді С. Ахметов.

Бұдан бөлек, Премьер-Министр бір апта ішінде Үкіметке партияның сайлауалды тұғырнамасын іске асыру барысы туралы мониторингін жақсарту бойынша Мемлекет басшысының атына жолданатын хаттың жобасын енгізуді тапсырды.

«Тұғырнаманы іске асыру барысына бақылау жасауды Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевқа жүктеймін»,-деді Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар