«Нұр Отан» ХДП хатшысы Сергей Громов Кеңес Одағының Батыры Руслан Аушевпен кездесті

АСТАНА. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның Орталық аппаратында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 20 жыл толуына орай партия хатшысы Сергей Громов Кеңес Одағының Батыры,
None
None

ТМД елдеріндегі әскер-интернационалистер комитетінің төрағасы, генерал-лейтенант Руслан Аушевпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Кездесуде ардагерлер ұйымдарының жас ұрпақты тәрбиелеудегі өнегелік рөлі мен ардагерлерді әлеуметтік қолдау мәселелері сөз болды.

 Сондай-ақ шара барысында Р. Аушев Қазақстанның бірқатар ауған ардагерлерімен жүздесіп, оларға «Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 20 жыл» медалін табыстады.

 «Ардагерлерде үш мәселе бар. Ол - баспана, әлеуметтік-медициналық қолдау жасау, жұмыспен қамту. Партия осыған мән беруі керек. Себебі елдің тірегі, өзегі осы кісілер», - деді Р.Аушев.

 Ол әңгіме барысында ең алдымен бейбітшілік орнаған елде береке де болатындығын атап көрсетті. «Ал ол үшін сіздер өз көшбасшыларыңыздың айналасында топтаса білуге тиіссіздер. Сіздерде Н.Назарбаевтай Мемлекет басшысының бары үлкен сәттілік», - дейді ол.

 ТМД елдеріндегі жауынгер-интернационалистер комитетінің төрағасы Р. Аушевтің айтуынша, осыдан бір жарым ай бұрын ТМД елдері басшыларымен Ауған жерінде жоғалған жауынгерлерді іздестіруге қаржы бөлу туралы келісім жасалған. Сондай-ақ ардагерлерді медициналық-сауықтыру бағдарламасына қаржы қарастырылған. Енді Ауған соғысында болған жауынгер-интернационалистер шипажайларда демалуға мүмкіндік алды.

Соңғы жаңалықтар