«Нұр Отан» ХДП Қарағанды облыстық филиалы жемқорлыққа қарсы IV форумын өткізді

РАҒАНДЫ. 18 қараша. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Бүгін Қарағандыда «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының бастамасы бойынша жыл сайынғы жемқорлыққа қарсы IV аймақтық форумы өтті.
None
None

Форумға Қарағанды облысының әкімі, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы Серік Ахметов, «Нұр Отан» ХДП жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов қатысты.

«Елбасы, партиямыздың төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және жемқорлықты болдырмау үшін тұрақты жұмыстар атқарылуда», - деп атап өтті өз баяндамасында «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Базарбаев.

Оның айтуынша, аймақтағы партияшылар жемқорлыққа қарсы күресті мықтап қолға алды. «Жақында облыстағы қоғамдық ұйымдармен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл одағын құру жөніндегі меморандумға қол қойылды», - деді А.Базарбаев.

Форумнан кейін саяси кеңестің кеңейтілген отырысы өтіп, партияның кезектен тыс 14-ші съезінің делегаттары сайланды және «Қазақстан. 2017 жылға дейінгі мақсаттар. Ұлттық іс-қимыл жоспары» атты партияның сайлауалды жобасы талқыланды.

Соңғы жаңалықтар