«Нұр Отан» ХДП Кеден одағы елдерінің балалар қоғамдық бірлестіктерімен байланысты нығайтуда

СТАНА. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиенбаев/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП хатшысы Сергей Громов «Достық империясы: Астана - HiTechЕртегі» халықаралық жеткіншектер-балалар слетына қатысушылармен кездесті.
None
None

Оның жұмысына Кеден одағының 3 қатысушы мемлекеттері - Қазақстан, Ресей және Беларусьтың балалар ұйымының мүшелері қатысты. Балалар Астана қаласына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мерейтойы мен елорданың 12 жылдығына орай ұйымдастырылған шараларға қатысуға келген еді.

«Біздің елдерде қазіргі күні жастарға көп көңіл бөлінуде. Бұндай кездесулердің маңызы зор, өйткені осы арқылы сіздер пікірлесіп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік аласыздар. Менің ойымша, осы секілді шаралар арқылы сіздер төзімділік пен достыққа үйренесіздер», - деп атап өтті С.Громов.

Соңғы жаңалықтар