«Нұр Отан» ХДП: Комиссияның кезекті жұмыс отырысы өтеді

АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының апта сайынғы брифингі өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Брифингте ағымдағы жылғы қаңтардың 29-ында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсованың төрағалығымен дағдарысқа қарсы күрес бағдарламасы аясында бөлінген мемлекеттік қаржының пайдалануын бақылау жөніндегі комиссияның кезекті жұмыс отырысы өткізілетіні мәлім етілді. Комиссия мүшелері ? ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Үкіметттік емес ұйымдардың өкілдері мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет тетіктерін одан әрі қарастырады. Басқосуда келесі отырыста талқыланатын басты мақсаттар айқындалмақ.Сонымен қатар, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының ресми өкілі Оксана Петерс брифингке Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын жақсарту және әлемдік қаржы дағдарысына қарсы әрекет етудің тиімді жолдарын қарастыру мақсатында ұйымдастырылған аталмыш партия депутаттарының форумы жалғасып жатқандығын айтты. «Әр жиын соңында форумға қатысушылар елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсартуға қатысты айтылған талап-тілектерді басшылыққа ала отырып, арнайы үндеу қабылдайды», - деп атап өтті ол.
Соңғы жаңалықтар