«Нұр Отан» ХДП көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына мектеп құрал-жабдықтарын табыс етті

Аталған шараға жиналған 200 баланың алдында сөз сөйлеген партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин оларды келе жатқан білім күнімен құттықтады. «Осындай үлкен мереке алдында «Нұр Отан» партиясы өзінің жоспарларына сәйкес, еліміздің барлық аймақтарында «Балаларды мектепке жинайық!» акциясын өткізіп жатыр. Елбасымыздың саясатының арқасында бүгінгі таңда елімізде көптеген жаңа мектептер құрылысы аяқталып, жаңа мектептер ашылуда. Бұл сіздердің болашақтарыңыз үшін жасалып жатқан үлкен шаралар», деді ол өз сөзінде.
«Жаңа оқу жылы қарсаңында балаларымызға көңіл бөліп, жағдай жасап, әрі көмек көрсету мақсатына осындай іс-шаралар ұйымдастырып жатқан «Нұр Отан» ХДП басшыларына және барлық ұжымына ата-аналар атынан алғысымды білдіремін», дейді көп балалы ата-аналардың бірі Қазынаш Қабатайқызы.