«Нұр Отан» ХДП құрылғанына 10 толуына орай салтанатты жиын өтті

АЛМАТЫ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ - Бүгін Алматы қаласының Алмалы ауданы әкімдігінде «Нұр Отан» ХДП құрылғанына 10 толуына орай салтанатты жиын өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолында халықпен бірге 10 жыл» деп аталған жиынды Алмалы ауданының әкімі Марат Пірімбеков ашты. Оның айтуынша, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында партияның атқарған істері жетерлік. «Осыдан он жыл бұрынғы «Нұр Отан» партиясының құрылуы тарихи оқиғаға айналды. Сол уақыттан бері әлеуметтік, денсаулық сақтау салаларын, экономиканы дамытуда партияның тындырған істері мол. Бүгінгі таңда «Нұр Отан» ХДП-ың орны мемлекетіміздің саясатында ғана емес, сондай-ақ экономиканың даму келешегінде де аса маңызды. Партияның алдағы уақытта қолға алар істері де аз емес. Осы орайда «Нұр Отан» қатарына еніп, ортақ мүдде үшін еңбек еткен азаматтарға зор алғысымды білдіремін», деді М. Пірімбеков. Жиында партия мүшелері - аудан әкімдігінің бірқатар қызметкерлеріне алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.
Соңғы жаңалықтар