«Нұр Отан» ХДП мемлекеттік қызметтің жаңа моделін жасады

Партия төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулиннің атап өткеніндей, ұсыныстар Елбасы, партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзірленді. Мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісі, үш жиынтыққа негізделген мемлекеттік қызметтер тізімін енгізуді қарастырады: саяси мемлекеттік қызметкерлер жиынтығы, А жиынтығы (басқарушылық) әкімшілік мемлекеттік қызмет, Б жиынтығы (орындаушылық) әкімшілік мемлекеттік қызмет.
Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы кадрларды іріктеудің, кадрлық резерв қалыптастырудың, мемлекеттік қызметкерлердің мансабын өсірудің жаңа тетіктерін, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлер ауыспалылығын «орталық-аймақ», «аймақ-орталық» ұстанымымен және мемлекеттік органдар арасында да арнайы желімен жүзеге асыру жолдарын алға тартады.
Жиынға қатысушылар «Нұр Отан» партиясының мемлекеттік қызметтің қазақстандық үлгісін жетілдіру бойынша ұсынысын қолдап, Үкіметке мемлекеттік қызметтің жаңа тұжырымдамасын дайындау барысында осы айтылғандарды есепке алуы туралы ұсыныс жасауға шешім қабылдады.
Отырысқа ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Үкіметі Кеңсесі, ҚР Мемлекеттік істер жөніндегі агенттігінің өкілдері, ҚР Парламенті депутаттары қатысты.