«Нұр Отан» ХДП-ның қоғамдық қабылдау бөлімдеріне 31 мыңнан астам өтініш түскен

АНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Жыл басынан бері «Нұр Отан» ХДП-ның қоғамдық қабылдау бөлімдеріне барлық өңірлерден жалпы саны 31 826 өтініш түскен. Бұл туралы бүгін брифингте партияның ресми өкілі Оксана Петерс мәлім етті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

 Келіп түскен өтініштер саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе артық. 

 «Өтініштерді қараудың тиімділігін арттыру мақсатында жыл басынан атқарушы билік органдары, прокуратура өкілдерімен өзара ынтымақтастыққа баса назар аударылды. Халық тілегінің дені, тұрғын үй-коммуналдық, еңбекпен қамту, жалақының уақытында төленбеуі, сондай-ақ несиелік қарыздарды қайта қаржыландыру мен қарызды өтеуді кейінге шегеру мәселелерін қамтиды», деп атап көрсетті О.Петерс.

 Оның айтуынша, тиянақты жүргізілген жұмыстар нәтижесінде түскен шағымдардың оң шешімін табуы 39 пайызға артқан.

 Дәл қазір ел тұрғындарын барлық деңгейдегі депутаттармен, мемлекеттік орган өкілдерімен етене байланыстыратын 250 қоғамдық қабылдау бөлімдері қызмет етуде.

Соңғы жаңалықтар