«Нұр Отан» ХДП-ның Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум өтті
Партия мүшелері қоғамның бүгінгі таңдағы дамуы кезеңінде «Нұр Отан» партиясы маңызды міндеттерінің бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресу екендігін атап өтті.
Форумда ОҚО прокурорының орынбасары Ибрагим Иманов өңірдегі болған сыбайлас жемқорлық көріністері мәліметтер келтірді. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу және жер учаскелерін бөлу жөніндегі конкурсқа қатысы бар шенеуніктер ұсталған. Сондай-ақ, ол жыл басынан бері әкімдердің пара алуы арта түскендігін алға тартты. И.Имановтың айтуынша, жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 107 шенеунік жауапқа тартылған. Олардың 25-і «Нұр Отан» партиясының мүшелері.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум ауқымындағы мұндай кездесулер облыстың барлық аймақтарында өткен. Оған қоса, «Жедел желі» сенім телефоны жұмыс істейді, өңір тұрғындарының арасында әлеуметтік сауалдама жүргізілуде.
Форумның қорытындысы бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе күресу жөнінде шешім қабылданды.