«Нұр Отан» ХДП-ның Орталық аппаратында Қазақстан студенттері Альянсының лидерлері мен «Жас Отан» ЖҚ жетекшілері кездесті

АСТАНА. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат – Бүгін, «Нұр Отан» ХДП-ның Орталық аппаратында Қазақстан студенттері Альянсының лидерлері мен «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанатының жетекшілері кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Осы жылғы ақпанның 12-де Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке республиканың жоғары оқу орындарында ақылы негізде білім алып жатқан студенттерге ұзақ мерзімдік жеңілдетілген несиелер мен қосымша мемлекеттік білім гранттарын бөлудің мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Осы жағдайға жедел көңіл бөлген «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» Жастар қанаты мен «Қазақстан студенттері Альянсы» республикалық жастар қозғалысы - ірі жастар қозғалысының лидерлері, Мемлекет басшысының тапсырмасын талқылауға арналған кездесу ұйымдастырды.«Нұр Отан» ХДП «Жастар Қанаты» ЖҚ атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешов: «Қазіргі жастар елімізде өтіп жатқан үрдістердің барлығын зейін сала бақылап отыр. Сондықтан да, біз бүгінгі кездесуге қазақстанның жоғары оқу орындарының белсенді және шығармашыл жастарының өкілдерін ғана емес, сонымен қатар, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» ірі студенттік ұйымы өкілдерін де шақырдық», деп атап өтті. Кездесу, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарды студент жастар арасына бағыттауды күшейтуге арналды. Шара «Қазақстан студенттері Альянсы» Республикалық жастар қозғалысы аймақтық лидерлерінің мемлекеттік органдар және мемлекеттік емес ұйымдармен кездесу бағдарламасы ауқымында өткізілді.
Соңғы жаңалықтар