«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстел басында Елбасы Жолдауын іске асыру барысы сараланды - Ақмола облысы
оны іске асыруға бағытталған жұмыс жоспары сарапталды.
«Қазақстан кәсіпкер әйелдері одағы» қауымдастығы, «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясы, облыстық ішкі саясат департаменті, Көкшетау қалалық әкімдігі және ҚР Мәдениет министрлігі қолдауымен ұйымдастырылған жүздесу барысында Елбасының Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа міндеттері» Жолдауы турасында пікірлер білдіріліп, оны орындауға бағытталған шаралар, шешімін күткен түйткілдер тілге тиек етілді. Ісшараға партия өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, жастар қоғамдық бірлестіктері, шағын және орта бизнес, БАҚ өкілдері, әр деңгейдегі мәслихаттар депутаттары қатысып, қарастырылған мәселелер турасында пікір алмасты. Басқосуда сөз алған «Қазақстан кәсіпкер әйелдері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Меруерт Қазбекова Жолдаудағы басым бағыттар, оның әлеуметтік маңыздылығы, үгіт-түсінік жұмыстарын жүзеге асыру жайына тоқталса, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Шойкин көпшілік арасында түсіндірудің жұмыстарының тың үлгілерін, жаңашы ізденістер қарастыру жайына ерекше назар аударды. Ал қалалық мәслихаттың депутаты, «Кәсіпкер әйелдер қозғалысын дамыту орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Елена Мащинская «Жол картасы бизнесі-2020» бағдарламасы аясында қоғамдық тамақтандыру саласына кадр дайындау, білім ошақтарында тамақтандырудың бірыңғай жүйесін енгізу, бір орталықтан тағам дайындауды жандандыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруда тамақтандырудың орны турасында ой бөлісіп, оны орындауға орай арнайы жұмыс жоспарын құру қажеттігіне тоқталды. Пікірсайысқа қатысқан қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, жастар бірлестіктерінің өкілдері өздерін толғандырып отырған өзекті мәселелерді тарқатып, нақтылы ұсыныстарын жасады. Бірінші рет өткізіліп отырған осындай дөңгелек үстел басындағы кездесу алдағы уақытта Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында жалғасатын болады. Еліміздің барлық өңірлерінде өткізілген жиын қорытындысына сәйкес нақтылы ұсыныс жасалынбақ.