15:47, 14 Ақпан 2009 | GMT +5
«Нұр Отан» ХДП орталық аппаратында ауған соғысына және шағын аймақты жанжалдарға қатысушыларға құрмет көрсету рәсімі болды
АСТАНА. Ақпанның 14-і. ҚазАқпарат – «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратында Ауғанстаннан Кеңес әскерлері шығарылуының 20 жылдығына арналып ауған соғысына және шағын аймақты жанжалдарға қатысушыларға құрмет көрсету рәсімі өтті.
Ауған соғысына 22 мыңнан астам қазақстандық қатысты, олардың 900-ден астамы қаза тапты. Қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз жоғалғандарды іздеу жалғастырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Нұр Отан» ХДП хатшысы Сергей Громов соғысқа қатысқан жауынгерлер еліміздің абыройы мен жоғары атағын қорғап қалғанын атап айтты. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, шағын аймақты соғыстарда өздерінің интернациональдық борыштарын орындаған жауынгерлерінің өнегелері ? отансүйгіштіктің, Отанға деген махабаттың және бейбітшілік пен достық идеалдарына берілгендіктің үлгісі. Алматы қаласында ТМД интернационалист-жауынгерлер ардагерлер ұйымдарының «Біз ? интернационалистпіз» деп аталатын халықаралық акциясы болды. Оны «Қазақстан Республикасының Ауғанстан соғысы және шағын аймақты соғыстар ардагерлерінің одағымен» бірлесіп ҚР Қорғаныс министрлігі, «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырды. Акция аясында Ауғанстан соғысының ардагерлері Кеңес Одағының Батыры Руслан Аушев басқаратын Интернационалист-жауынгерлер істері жөніндегі комитет бекіткен мерейтойлық медальмен марапатталды. Марапатталғандардың ішінде «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының қызметкерлері мен мүшелері Александр Житников, Шәріпбай Өтегенов, Нұржан Бекжанов бар.