18:37, 16 Ақпан 2009 | GMT +5
»Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты Оңтүстік Қазақстан облысында мүгедектерге көмекті бағалауда
ШЫМКЕНТ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - «Қазақстанда мүгедектердің құқықтарын бара-бар жүзеге асыру жүйесін қалыптастырудың жағдайы және келешегі» - бүгін Шымкентте «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты мен БҰҰ Даму бағдарламасы бірлесіп өткізген «дөңгелек үстел» осы тақырыпқа арналды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның жұмысына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Статистика агенттігінің, «Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының, жергілікті атқарушы органдардың, мүгедектер құқығын қорғаумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Облыста мүгедектерді оңалтудың үш жылдық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оны қаржыландыру республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттер және республика заңнамаларымен тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады. Оған мемлекеттік бюджеттен жұмсалатын қаржы 1 936,8 млн. теңгені құрайды, соның ішінде өткен жылы ? 883,7 млн. теңге болған еді.
Кездесуге қатысушылар Мүгедектер құқығы туралы БҰҰ Конвенциясы ұстанымдарын енгізу міндеттері тұрғысынан Қазақстандағы мүгедектердің құқықтарын әлеуметтік қорғау жүйесінің жай-күйін және келешегін талқылады, сондай-ақ Парламентаризм институтының мүмкіндігі шектеулі жандар проблемалары бойынша аралық сараптамалық зерттеулері ортаға салынды.«Дөңгелек үстелдің» қорытындысы бойынша осы мәселеге орай мемлекеттік органдарға және мүдделі ұйымдарға нақты ұсыныстар әзірленді.