20:18, 13 Қаңтар 2009 | GMT +5
«Нұр Отан» ХДП партиялық бақылау комитетінің басшысы дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында бөлінетін мемлекеттік қаражаттардың пайдаланылуына бақылау комиссиясының мүшелерімен кездесті
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат – «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының орталық аппаратында дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында бөлінетін мемлекеттік қаражаттардың пайдаланылуына бақылау комиссиясының мүшесі Боран Рахымбеков партиялық бақылау комитетінің мүшелерімен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның баспасөз баянына сілтеме жасап.Комиссияны ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсованың басқаратынын естеріңізге саламыз. Комиссияның әрбір мүшесіне дағдарысқа қарсы бағдарламаның бір-бірден бағыты бекітілген.Комиссияның келесі отырысы қаңтардың аяғында жоспарланған.