08:16, 10 Қараша 2011 | GMT +5
«Нұр Отан» ХДП Павлодар қалалық филиалының жаңа төрағасы тағайындалды
ВЛОДАР. 10 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Нұр Отан» ХДП Павлодар қалалық филиалының кезектен тыс Х есеп беру-сайлау конференциясы өтті,
деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Партия жұмысының нәтижесі туралы қалалық мәслихат депутаттары есеп берді.
Делегаттар Саяси кеңестің құрамына, бюросы мен жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесінің құрамына өзгерістер мен қосымшалар енгізді.
«Нұр Отан» ХДП облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Айгүл Нұркина Ақсу қаласындағы нұротандықтардың жұмысын ұйымдастыруда белсенділік танытқан Павлодар қаласының әкімі Оразгелді Қайыргелдиновты қалалық филиал төрағасы етіп тағайындауға ұсыныс жасады.
О.Қайыргелдинов бірауыздан «Нұр Отан» ХДП Павлодар қалалық филиалының жаңа төрағасы болып сайланды.