«Нұр Отан» ХДП сарапшылары әскери қылмыстың себептерін зерттемек

АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының «Қорғаныс қабілетін және қауіпсіздікті нығайту» бағыты жөніндегі сараптама тобы әскери қылмыстың себептерін зерттемек.
None
None

Бұл туралы бүгін топ отырысында осы бағыттағы куратор, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қайырбек Сүлейменов мәлім етті.

«Әскери тәртіпті нығайту мәселесі аса үлкен маңызға ие болып отыр. Біз болашақта әскери прокуратурамен бірге әскери қылмыстың түп-төркінін терең зерттеуді көздеп отырмыз», - деді Қ.Сүлейменов.

Сонымен қатар ол, құрамында құқық қорғау органдарының, Қорғаныс күштерінің, азаматтық қорғаныс және күштік құрылымдардың басшылығы кірген сараптама тобы ашықтық принципіне сүйене отырып, елдегі азаматтық қоғаммен қарым-қатынас орнатуды алдына мақсат етіп отырғандығын атап өтті.

«Мемлекет қорғанысы және қауіпсіздігінің тиімді басқару жүйесін құруға ауқымды күш-жігер салған Президент, патриотизмді дәріптеуге және осы іске барлық қазақстандықтарды тарту жөнінде жиі айтады. Осыған орай біз топтың жұмыс кестесіне бірқатар тиісті пунктерді енгізіп отырмыз», - деп атап көрсетті ол.

Оның айтуынша, әскери қызметкерлердің әлеуметтік қамсыздандыру сауалдары да назардан тыс қалмайды.

Соңғы жаңалықтар