«Нұр Отан» ХДП Солтүстік Қазақстан филиалында сайлауалды бағдарлама талқыланып, «Нұр Отан» ХДП XIV съезіне делегаттар сайланды

ТРОПАВЛ. 22 қараша. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавл қаласында «Нұр Отан» ХДП филиалында саяси кеңестің кеңейтілген отырысы болды, онда «Қазақстан: мақсат 2017. Ұлттық іс-қимыл жоспары» атты сайлауалды тұғырнама жобасы талқыланып, партияның кезектен тыс XIV сьезіне делегаттар сайланды.
None
None

Бұдан бұрынғы сайлауалды тұғырнама 2007 жылы бекітіліп, толықтай мерзімінен бұрын іске асырылған еді, оған өңірдің экономикалық даму көрсеткіштері дәлел.

Отырыстың қатысушылары сайлауалды бағдарламаның жобасын мақұлдады, сонымен қатар Астана қаласында 25 қараша күні өтетін «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс XIV сьезіне делегаттарды сайлады.

«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов партия мүшелері мен делегаттарды құттықтап, олардың партия съезінде жемісті жұмыс істеуіне тілектестігін білдірді.

Саяси кеңестің кеңейтілген отырысына ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Анатолий Башмаков пен Самат Ескендіров қатысты.

Соңғы жаңалықтар