«Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін, ақпанның 18-інде «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев қоғамдық қабылдау аясында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған шара партияның Орталық аппаратында Төраға орынбасарының қабылдауымен алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бір күн бойы өткізілетін қабылдауға 20-дан астам азамат жеке мәселелері бойынша жазылған. Бұлардың ішінде олар тарапынан сот шешімінің орындалмай отырғандығы, сот шешіміне келіспеушіліктер, жауапты тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері, мемлекеттік сатып алуларға байланысты туындаған наразылықтар секілді мәселелер көтеріліп отыр. Тоқтала кететін жайт, бұған дейін «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдаулары негізінен Мәжіліс депутаттары тарапынан өткізіліп келсе, бұдан кейінгі күндері партияның басшылықтары да жұртшылықты жеке мәселелері бойынша қабылдауды тұрақты түрде жүзеге асыратын болады. Бүгінгі күні Қазақстанның әр аймағында партияның қабылдау бөлімдері ашылған. Қазір олардың жалпы саны 200-ге жетеді.
Соңғы жаңалықтар