«Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Б. Байбек Қарағанды облысына барды

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барып, аймақтың тыныс-тіршілігімен танысты,
None
None

деп хабарлайды Baq.kz.

Облыс әкімі Бауыржан Әбдішев пен «Нұр Отан» ХДП Қарағанды облыстық филиалының бірінші орынбасары Хадиша Оспанова Партия жетекшісін Теміртау қаласында атқарылып жатқан игі істермен таныстырды.
Алдымен басшылар Теміртаудағы қалалық балалар емханасын аралап, партиялық бақылау бекетінің жұмыстарын көрді.

«Шаһардағы ескі балалар ауруханасына бұрын-соңды жөндеу жұмыстары жүргізілмегендіктен, өткен жылы бұл іс қолға алынған-ды. Алайда емхананың жөндеу жұмыстарын сақадай-сай қылуға уәде берген бір мердігерлік компания, келісімшартқа сай еңбек етпей, елдің берекесін кетірген. Осы ретте емхана басшылығы бақылау бекетіне, Денсаулық сақтау басқармасына, облыстық әкімдікке хат жолдады. Нәтижесінде емхана жөндеуден өтті», - дейді партия филиалының баспасөз қызметінен.

Мұнан соң «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары шаһардағы Тұңғыш Президент атындағы тарихи-мәдени мұражайына барып, бір топ жастармен кездесті. Мұнда «Мұрагер» мектебінің оқушылары, «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшелері Президент тұлғасы негізінде жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында іс-шара ұйымдастырған. Кездесу барысында жастар партия жетекшісіне білім саласына, жастар болашағына қатысты сауалдарын қойды.
Бұдан соң Абай қаласына ат басын бұрған Б. Байбек Тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы негізінде таяуда ғана шатыры жөнделген үйлердің сапасын қарап, тұрғындармен тілдесті. Осы ретте Абай қаласындағы көптеген бос үйлерді бұзу және оларға жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігі туралы айтылды. Осыдан соң аудан әкімі Еркебұлан Нашаровтың халық алдында есеп беруі тыңдалды.

Соңғы жаңалықтар