«Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Б. Бәйбек Оңтүстік Қазақстан облысында жүр

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Сапары барысында Бауыржан Байбек Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін аралап, Түркістандағы облыстық тарихи-мәдени этнографиялық орталықта «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстармен танысты, археологтармен жүздесті. Бұдан бөлек, осы аймақтағы «Түркістан» ЖШС-нің жұмысымен танысып, қызметкерлерімен кездесу өткізді. Түс қайта оның сапары Төлеби ауданында жалғасып, «Тау самалы» демалыс аймағында туризм саласын дамыту бағытында кәсіпкерлермен жиын өткізді», - делінген баспасөз хабарламасыда.
Жұмыс сапарының аяғында Б.Байбек «Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының кіші мәжіліс залында облыс активімен кездесіп, партияның алға қойған мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді.