21:37, 03 Маусым 2010 | GMT +5
«Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Н.Нығматулин Норвегия және Финляндия Елшілерімен ытымақтастықтың болашақтағы бағыттарын талқылады
СТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасындағы Норвегия Корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісі Даг Малмер Халворсенмен және Қазақстан Республикасындағы Финляндия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Микко Киннуненмен кездесу өткізді. Бұл туралы партия орталық аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Н.Нығматулин қонақтарға партияның қызметі, партия қызметі мен оның Төрағасы, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның алдына қойған міндеттер туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі, барлық мәслихаттар деңгейіндегі партиялық фракция жұмысы туралы айтып берді. Ол сондай-ақ экономика саласында алдағы бес жылдағы маңызды стратегиялық құжат болып табылатын Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған жедел индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берді.
Дипломатиялық елшіліктердің басшылары Орталық Азияда саяси тұрақтылықты сақтауда, ЕҚЫҰ кеңістігінде қауіпсіздікті нығайтуда Қазақстан мен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды істерін атап көрсетті.