«Нұр Отан» ХДП XIII съезі Қазақстанның ұлттық дамуы міндеттерін тиімді шешуге әсер етіп, оның қызметінің маңызды кезеңі болады-В. Путиннің құттықтауы

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - «Нұр Отан» ХДП XIII съезі Қазақстанның ұлттық дамуы міндеттерін тиімді шешуге әсер етіп, оның қызметінің маңызды кезеңі болады.
None
None

Бұл пікірді елордада өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының XIII съезіне құттықтау жолдаған Ресей Федерациясының Үкімет басшысы, «Единая Россия» партиясының төрағасы Владимир Путиннің хабарламасында айтылған.

Алқалы жиын барысында РФ Федералдық жиынының Мемлекеттік думадағы «Единая Росия» бүкілресейлік саяси партиясы фракциясы төрағасының бірінші орынбасары Владимир Пехтин оқып берген В.Путиннің құттықтауында: «Съезд Қазақстанның ұлттық дамуы міндеттерін тиімді шешуге әсер етіп, партия қызметінің маңызды кезеңі болатындығына сенімдімін. Бүгін сіздердің елдеріңіздің алдынан жаңа көкжиек ашылады», - делінген.

Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардағы ашық әрі сенімді ықпалдастық «Единая Россия» мен «Нұр Отан» арасындағы байланыстарды да нығайта түсетіндігін баса айтқан РФ Үкіметінің басшысы екі елдің партиялары арасындағы стратегиялық әріптестік одан әрі нығайып, беки түсетіндігіне сенім білдірген.

Соңғы жаңалықтар