11:15, 05 Наурыз 2013 | GMT +5
«Нұр Отан» ХДП жаңа доктринасын әзірлеуге кірісті
АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партияның жаңа доктринасын әзірлеуге кірісті. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті.

«Қазіргі кезде біз партия Төрағасының тапсырмасына сәйкес жаңа доктринаны әзірлеу жөніндегі жұмысты бастағанымыз жайлы хабардар еткім келеді. Стратегиялық маңызы бар осы құжатта билік партиясының миссиясы мен ХХІ ғасырдағы Қазақстанның жетістіктерін қамтамасыз ететін құндылықтары айқындалған»,-деді ол.
Б. Бәйбектің атап өтуінше, доктрина сондай-ақ, 2050 жылға дейінгі стратегияның іске асырылуын және Елбасы бағыт-бағдарының мызғымастығын қамтамасыз етеді. Осы құжат өңірлерде партия мүшелері арасында, соның ішінде салалық бірлестіктермен, одақтармен кеңінен талқыланатын болады»,-деді партия Төрағасының орынбасары.